Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2005 ж. 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру (6-12 баптар) 3-тарау. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау (13-20 баптар) 4-тарау. Жұмыспен қамту саласындағы бақылау мен есептілік (21-23 баптар) Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 1-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жұмыссыздық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бір бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына байланысты әлеуметтiк-экономикалық құбылыс; 2) жұмыссыздар - жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар; 3) бос орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет); 4) ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық; 5) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi; 5-1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі квота) - Республиканың экономикалық тұрғыда белсенді халқының санына шаққанда процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі; 6) табысы аз адамдар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар; 7) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкілеттi органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi; 8) жұмыспен нәтижелi қамтылу - тұрақты экономикалық өсу мен әлеуметтiк нәтиженi қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу; 9) рантье - негiзгi кiрiс көзi несиеге берiлген ақшадан немесе сатып алынған бағалы қағаздардан алатын проценттер болып табылатын тұлға; 10) еңбек рыногы - экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала; 11) өз бетінше жұмыспен айналысушылар - өздерiн кiрiс әкелетiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды азаматтар; 12) еркiн таңдап алынған жұмыс - азаматтардың өздерiнiң еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы таңдап алған қызметi; 13) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау - осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi; 14) еңбек делдалдығы - уәкiлеттi органның, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң жұмысқа орналастыру iсiнде халыққа көрсететiн жәрдемi; 15) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган - жергiлiктi атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 16) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде осы заңмен белгiленген адамдар топтары; 17) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестiріп отыратын мемлекеттік орган; 18) жеке жұмыспен қамту агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн кез келген жеке және заңды тұлға; 19) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) - еңбекке жарамды жастағы адамдар (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар); 20) экономикалық тұрғыдан енжар халық - экономикалық тұрғыдан белсендi халықты есепке алу үшiн белгiленген жасқа толмаған адамдарды да қоса алғанда, жұмыс күшi құрамына кiрмейтiн халық, жұмыс iстемейтiн және жұмыс iздемейтiн азаматтар, оның iшiнде: үй шаруасындағы әйелдер, жұмыс iстемейтiн мүгедектер, жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер, оқушылар мен студенттер, күндiз оқыту нысанындағы бөлiмдердiң тыңдаушылары мен курсанттары (магистратура мен аспирантураны қоса алғанда), рантье, сондай-ақ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi жалға беруден кiрiс алатын өзге де тұлғалар. 2-бап. Жұмыспен қамтылған халық Жұмыспен қамтылған халыққа: 1) жеке еңбек шартымен жұмыс iстейтiн, оның iшiнде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшiн жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетiн жұмысы (қызметi), кiрiсi бар; 2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын; 3) өз бетінше жұмыспен айналысатын; 4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн; 5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң (артельдердiң) мүшелерi; 6) ақы төленетiн қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерiнде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң бөлiмдерiнде және өзге де әскери құралымдарда қызмет өткерiп жүрген азаматтар жатады. 3-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар 1. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. 4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары 1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi. 2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бірдей мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етуге; 2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға; 3) білім беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға; 4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге; 5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға; 6) уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға; 7) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметтi лицензиялауға; 8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға; 9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық iс-шараларды жергiлiктi атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға; 10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестiруге; 11) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға; 12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегі қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; 13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға; 14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге; 15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісiн ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған. 5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында: 1) кемсітушілiктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз етуге; 2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға; 3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді. 2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. Нысаналы топтарға: табысы аз адамдар: 21 жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар жатады. Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергiлiктi бюджеттiң қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН IСКЕ АСЫРУ ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 6-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 6-бап. Орталық атқарушы орган 1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртібін, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде: 1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға; 2) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға; 3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге; 4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысуға; 5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға; 6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөлуге; 7) мүдделi органдармен бірлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға; 8) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға мiндеттi. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; ҚР 2005.13.04 ж. № 40-III Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды: 1) мемлекеттік жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар әзiрлеу; 2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру; 3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау; 4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау; 5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 5-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу; 5-2) жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу; 5-3) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру; 6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 8-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 8-бап. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган 1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға; 2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге; 3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге; 4) азаматтар өтiнiш жасаған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға; 5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге; 6) жұмыссыздарды олардың келісімiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге; 7) жұмыссыздарды еңбек рыногының қажеттіліктеріне сәйкес, кейіннен оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, кәсіптік оқуға жіберуге; 8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге; 9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға; 10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi. 2. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның: 1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге; 2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгізуге; 3) білім беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттік органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға құқығы бар. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 9-бап толықтырылды (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы 1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға: 1) еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету; 2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту; 2-1) кадрларды бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау; 3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану; 4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу; 5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру; 6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады. 1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, біліктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге; 2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге; 3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға мiндеттi. 3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi заң актілеріне сәйкес туындайды. 1. Еңбек делдалдығымен уәкiлеттi орган және жеке жұмыспен қамту агенттiктерi айналысады. 2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi азаматтарға шарттық негiзде мынадай қызметтер көрсетедi: 1) жұмыспен қамту және еңбек туралы заңдар мәселелерi бойынша консультациялар беру; 2) бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беру; 3) жұмыс орындарын iздестiруге көмектесу; 4) азаматтарды кәсiптiк даярлық пен қайта даярлықтан өткiзiп, соңынан жұмысқа орналастыру. 3. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын ашу және жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды. 4. Азаматтардың шетелде жұмысқа орналасуы және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту жөніндегі делдалдық көмекті жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негiзiнде жүзеге асырады. ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен 11-бап өзгертілді (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту 1. Ішкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi. 2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі. 2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады. 3. Квота белгiлеу тәртібін, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң білім деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң біліктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс. 5. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi. 12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары 1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың: 1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды; 2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөніндегі шараларды; 3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды; 4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды; 5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды; 6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi; 7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөніндегі шараларды; 8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бірлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды; 9) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi; 10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi. 2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. 3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ 13-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары 1. Азаматтардың: 1) жұмыс берушiге, уәкілеттi органға не жеке жұмыспен қамту агенттiгiне тiкелей өтiнiш жасау арқылы жұмыс орнын еркiн таңдауға: 2) өз бетінше жұмыс iздестiруге және шетелде жұмысқа орналасуға; 3) уәкiлеттi органдардан және халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетiн жеке жұмыспен қамту агенттiгiнен консультация және ақпарат алуға; 4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға; 5) мемлекеттік органдардың, жеке агенттiктердiң және олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) орталық атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар. 2. Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына ерiктi сақтандыру шартын жасасуға құқылы. 14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтiк қорғау Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi: 1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; 2) жұмыссыздар үшiн кәсiби даярлау, біліктiлiктi арттыру, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 3) қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу; 4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету. 15-бап. Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке алу 1. Жұмыс тапқысы келетiн жұмыссыз азаматтар уәкiлеттi органға және жеке жұмыспен қамту агенттiгiне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады. 2. Жұмыс iздестiруге өтiнiш жасаған жұмыссыз азаматтарды тiркеу үшiн мынадай құжаттар қажет: жеке куәлiгi (паспорты), әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiк (ӘЖК), еңбек қызметiн куәландыратын құжаттар, салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi (СТТН). 3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдiктiң ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы белгi соғылған куәлiгiн табыс етедi. 4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетiлген құжаттар табыс етiлген күннен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, уәкiлеттi орган мен жеке жұмыспен қамту агенттiгi нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есеп карточкасына (деректердiң компьютерлiк базасы) мәлiметтер енгізу арқылы азаматтарды тiркейдi. |