<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180-III Қазақстан Республикасының Заңы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңымен күші жойылды

 

Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қараңыз

 

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Заң тұрғын жайлардың құрылысына үлестік қатысуы үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен олардың құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдігін белгілейді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) банк-агент - үлескердің депозитін қабылдап алатын екінші деңгейдегі банк;

2) жобалау компаниясы - жарғылық капиталының елу проценттен астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға;

3) кепілдікті мерзім - құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт;

  • Показать изменения

4) құрылыс салушы - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір тұрғын жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

  • Показать изменения

5) нөлдік цикл - тұрғын жайдың нөл деп алынатын, шартты жобалық белгіден төмен орналасқан бөліктерін салу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешені;

  • Показать изменения

6) пайдалануға беруге рұқсат - мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі;

  • Показать изменения

7) тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құрылыс жобасына сәйкес салынған тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) құрамына кіретін, үлескерге беру актіcі бойынша берілетін тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлар. Осындай тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларға жеке меншік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тараптардың бір тарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары;

9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - құрылыс салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің арасында жасалатын, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлардың салынуына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін шарт;

  • Показать изменения

11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй (тұрғын жай) (бұдан әрі - тұрғын жай) - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ ортақ мүлік болып табылатын тұрғын емес үй-жайлардан және өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;

  • Показать изменения

12) 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) үлескер - одан әрі жобалау компаниясына аударуға арналған ақшасын банк-агенттегі ағымдағы шотқа (үлескердің депозитіне) енгізу арқылы тұрғын жайларды салуға қатысатын жеке (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) немесе заңды тұлға;

  • Показать изменения

14) үлескердің депозиті - үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт негізінде банк-агенттегі ағымдағы шотқа банк шоты шартының талаптарымен енгізетін ақша.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстің, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады.

2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттейтін заңнамасы осы Заңда реттелмеген бөлігінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қатынастарына қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3. Осы Заң:

1) мемлекет қатысатын компаниялар тұрғын үйдің бір жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін мемлекеттік сатып алуды;

2) екінші деңгейдегі банктердің ашық кредиттік желі негізінде бір жүз пайыз қаржыландыруды жүзеге асыруын;

3) тұрғын үй құрылысын инвестициялауға немесе құрылысты ұйымдастыруға акцияларының бақылау пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде мемлекет иеленетін заңды тұлғалардың қатысуын қоспағанда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыретіне:

  • Показать изменения

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

  • Показать изменения

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органды айқындау;

  • Показать изменения

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган:

  • Показать изменения

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;

  • Показать изменения

2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру ережесін әзірлейді;

  • Показать изменения

5) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылды

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгілік шартты бекітеді;

  • Показать изменения

5-2) тұрын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында:

1) тұрғын жайды салу жөніндегі жобалау компанияларының қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) жобалау компанияларынан қажетті материалдар мен құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;

  • Показать изменения

3) анықталған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарады, сондай-ақ құрылыс салушылар мен жобалау компанияларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жобалау компаниясына үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия береді, оның қолданылуын тоқтата тұрады немесе сот тәртібімен одан айырады;

  • Показать изменения

5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылыс салушының өз капиталының жеткілікті болуын және жобалау компаниясын біліктілік талаптарына сай тексеруді тоқсан сайын жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

  • Показать изменения

8) банк-агентпен, құрылыс салушымен және жобалау компаниясымен бірлесіп тұрғын жай құрылысын аяқтаудың мүмкін еместігін айқындайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5-бап. Құрылыс салушы мен жобалау компаниясының қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бақылауы

  • Показать изменения

1. Құрылыс салушы мен жобалау компаниясы осы Заңның, сондай-ақ оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жағдайда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

  • Показать изменения

1) құрылыс салушы мен жобалау компаниясынан анықталған бұзушылықтарды жоюды талап етеді;

  • Показать изменения

2) құрылыс салушы мен жобалау компаниясына осы Заңның, сондай-ақ оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар жібереді;

  • Показать изменения

3) құрылыс салушыны, жобалау компаниясын және (немесе) олардың лауазымды адамдарын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жауапкершілікке тарту үшін қажетті шаралар қабылдайды.

  • Показать изменения

2. Өздеріне осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының нұсқамасы жіберілген құрылыс салушы мен жобалау компаниясы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6-бап. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы

  • Показать изменения

1. Құрылыс салушы:

  • Показать изменения

1) кемінде үш жыл тұрғын жайлар тұрғызу, оның ішінде тапсырысшы ретінде тұрғызу тәжірибесіне ие болуға;

  • Показать изменения

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беруге;

3) кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өз капиталы болуына міндетті.

2. Құрылыс салушы жобалау компаниясының жарғылық капиталына ақша, жер учаскесі, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мүлік түрінде салым енгізеді.

  • Показать изменения

3. Құрылыс салушы үлескерлердің алдында жобалау компаниясының міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады.

  • Показать изменения

4. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және аудиторлық есепті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

  • Показать изменения

5. Жобалау компаниясы және үлескер тараптардың келісімі бойынша айқындалатын өз міндеттемелерінің орындалуына қатысты өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

  • Показать изменения

6. Жобалау компаниясы тұрғын жайды салу үшін тұрғын жай құрылысы құнының жетпіс бес процентінен аспайтын мөлшерде ақша тартуға құқылы.

  • Показать изменения

7. Шетелдік ұйымдар үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құру арқылы ғана жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 6-1-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

6-1-бап. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызмет облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жобалау компаниясына әрбір тұрғын жайдың құрылысы үшін беретін, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

3. Құрылыс салушы осы Заңның 6-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияны бірінші кезеңде алған кезде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына ұсынуы үшін жобалау компаниясына беруге міндетті.

  • Показать изменения

4. Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия екі кезеңде беріледі.

Бірінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия жобалау компаниясы мынадай біліктілік талаптарын:

1) жобалау компаниясына меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінің бар екенін;

2) құрылыстың нөлдік циклі сатысында сараптаманың оң қорытындысымен қоса жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар екенін;

3) нөлдік циклде құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізуге рұқсаттың бар екенін;

4) банк-агентпен шарттың бар екенін;

5) тұрғын жайды салу үшін тұрғын жай құрылысы құнының кемінде он бес проценті мөлшерінде немесе кемінде нөлдік циклдегі құрылыс құнына баламалы мөлшерде өз капиталының бар екенін растағанда алты айға дейінгі мерзімге беріледі.

Екінші кезеңде үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия мынадай біліктілік талаптары:

1) құрылыс объектісі сараптаманың оң қорытындысымен қоса жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бар екені;

2) тұрғын жай құрылысының нөлдік циклінің аяқталғаны;

3) банк-агентте үлескерлердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес енгізілген, тұрғын жай құрылысы құнының кемінде он бес проценті мөлшерінде депозиттерінің бар екені;

4) құрылысты толық көлемде аяқтау үшін өз капиталының бар екені не тұрғын жай құрылысы құнының кемінде жиырма бес проценті мөлшерінде өз капиталының және инвестормен құрылысты аяқтау үшін жеткілікті инвестициялар беру туралы келісімнің бар екені;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсететiн ұйыммен шарттың бар екенi расталған кезде мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды пайдалануға қабылдау туралы актiсiне қол қойылғанға дейiнгi мерзiмге берiледi.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.

  • Показать изменения

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша:

құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде тұрғын жай құрылысын ұйымдастыруға және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштері сапасының кепілдікті мерзім бойына сақталуын қамтамасыз етуге міндеттенеді;

жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген мерзімде тұрғын жайды салуға және оны пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) тиісті үлесін беруге міндеттенеді;

үлескер банк шоты шартын жасасуға және үлескердің депозитіне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта келісілген мөлшерде және тәртіппен ақша енгізуге және тұрғын жайды пайдалануға беруге рұқсат болған кезде тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін қабылдап алуға міндеттенеді;

  • Показать изменения

банк-агент үлескердің депозитін оған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан төмен емес сыйақы ставкасын есептей отырып, банк шоты шартының талаптарымен қабылдауға міндеттенеді.

  • Показать изменения

Үлескер тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін алғаннан кейін банк-агент ақшаны үлескердің депозитінен жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді.

Банк-агент жобалау компаниясына үлескерлердің тартылған ақшасы шегінде беретін банк қарызы бойынша сыйақы ставкасы үлескердің депозиті бойынша сыйақы ставкасының, банк-агенттің қарызға қызмет көрсету шығыстарының, қарыз берумен байланысты міндетті талаптар мен төлемдер жөніндегі шығыстардың және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі шығыстардың жиынтық мөлшерінен аспауға тиіс.

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалғаннан кейін оған тараптардың келісімі бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-бап. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы ұсынатын ақпарат

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Құрылыс салушы және жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу мақсатында өтініш жасаған тұлғаға танысу үшін:

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) құрылыс салушының және жобалау компаниясының атауы және орналасқан жері туралы ақпаратты;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен мазмұн 1-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1) мыналарды:

құрылтайшы заңды тұлғаның атауын;

құрылтайшы жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, құрылыс салушының және жобалау компаниясының құрылтайшылары туралы ақпаратты;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) құрылыс салушыны және жобалау компаниясын - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды;

3) салық төлеушінің куәлігін;

  • Показать изменения

4) 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) құрылыс салушының және жобалау компаниясының тұрғын үй құрылысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруының соңғы жылындағы аудиторлық қорытындыны;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) жобалау компаниясының үлескерлер ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиясын;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) аталған объектілердің орналасқан жері, оларды пайдалануға беру мерзімдері көрсетіліп, үш жыл ішінде құрылыс салушы жүзеге асырған тұрғын жайлар құрылысының жобалары туралы ақпаратты;

8) құрылыс объектісі туралы ақпаратты;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9) жер учаскесіне құрылыс салушының немесе жобалау компаниясының тиісті құқығын растайтын құжаттарды ұсынады.

2. Құрылыс объектісі туралы ақпарат:

1) кезеңдер бойынша құрылысқа рұқсатты;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес объектінің орналасқан жерінің көрсетілуі мен сипаттамасын;

3) құрылыстың кезеңдері және оны аяқтау мерзімдері туралы мәліметтерді;

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) бас мердігердің атауын, осы саладағы жұмыс тәжірибесін, лицензиясының бар-жоғын, ол бас мердігер болып әрекет етіп, пайдалануға тапсырылған құрылыс объектілері туралы ақпаратты қоса алғанда, ол туралы негізгі мәліметтерді қамтиды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 9 бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нысаны және міндетті талаптары

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт уәкілетті орган бекіткенүлгі шарттың негізінде жазбаша нысанда жасалады, ол есепке алынуға жатады және осындай есепке алу кезінен бастап жасалған деп есептеледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың міндетті талаптары:

  • Показать изменения

1) тұрғын үйді (тұрғын жайды) пайдалануға беруге рұқсат алғаннан кейін жобалау компаниясының үлескерге беруіне жататын оның тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес үлескер үшін айқындау;

  • Показать изменения

2) жобалау компаниясының үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесті беру мерзімі;

  • Показать изменения

3) шарттың бағасы, яғни үлескердің банк шотының шарты бойынша үлескер депозитіне енгізуіне жататын, тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайдың жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін есептік негізге алынған ақша сомасы;

  • Показать изменения

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынған тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім;

  • Показать изменения

5) сәулеттік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының тұрғын жайдағы үлескерге берілуге жататын тұрғын үй-жайға қатысты бір бөлігін (тұрғын үй-жайдың салыну жоспарлары, қабаттылығы) шартқа міндетті түрде қоса тіркеу;

  • Показать изменения

6) үлескерге тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін берудің шартта көзделген мерзімін жобалау компаниясы бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;

  • Показать изменения

7) үлескер шартта белгіленген төлемді енгізу мерзімін бұзған жағдайда, тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) мөлшерін көрсету;

8) үлескердің ақшасын банк-агенттің жобалау компаниясына беру тәртібі мен мерзімдері;

9) банк шотының шарты бойынша үлескер депозитінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасының кемінде он бес проценті мөлшерінде бастапқы жарнасының болу қажеттігі туралы көрсету болып табылады.

  • Показать изменения

3. Тұрғын жайға берілетін кепілдікті мерзім құрылыс объектісі пайдалануға қабылданған күннен бастап екі жылдан кем болмауға тиіс.

  • Показать изменения

4. Шартта осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар болмаған жағдайда, шарт есепке қойылмауға тиіс.

  • Показать изменения

5. Үлестік құрылысқа қатысушы азамат қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның шарт бойынша құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлеріне ауысады. Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, банк-агент үлестік құрылысқа қатысушының құқықтары мен міндеттері ауысқанда осындай мұрагерлерден бас тартуға құқылы емес.


Справка к документу
   Идет загрузка...