«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 56-ө Өкімі
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Қоса беріліп отырған «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді осы өкімнің 1-тармағында көрсетілген заңдарға сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы өкімнің орындалуын бақылауды жүзеге асырсын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 56-ө өкімімен
Бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2007.29.05. № 141-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесi
P/c № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Сәйкестендіру нөмірлерін- ің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині (жинақ- тау), Қаржымині, АБА, Еңбекмині, ҰБ, СА | 2007 жыл- ғы наурыз |
2 | Жеке басты куәландыратын құжаттарды даярлау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині (жинақ- тау), АБА, ҰҚК | 2007 жыл- ғы маусым |
3 | Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру, жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу өтініштерінің ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині (жинақ- тау), Қаржымині | 2007 жыл- ғы наурыз |
4 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині (жинақ- тау), Қаржымині, АБА, Еңбекмині, ҰБ, СА | 2007 жыл- ғы наурыз |
5 | Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині (жинақ- тау), АБА | 2007 жыл- ғы маусым |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
Қаржымині | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi |
АБА | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігi |
Еңбекмині | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi |
ҰБ | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк |
СА | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi |
ҰҚК | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетi |