|
|
|
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары (2006.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметтік ақпарат бөлімінің осы қаулысына түсініктемесін қара "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының еркiн қозғалысы құқықтарын iске асыру, елден шығу мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша өздерiнiң нормативтік құқықтық кесiмдерін осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. 3. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі № 813 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 37, 569-құжат); 2) "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша ереже туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 наурыздағы № 228 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 9, 107-құжат); 3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 31 қазандағы № 1408 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 33, 428-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ЕРЕЖЕСІ 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Халықтың көшi-қоны туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуға және Қазақстан Республикасына кедергiсiз қайта оралуға құқылы. Шығу және қайта оралу Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты бойынша жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.31.05. № 479 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін. 4. Мемлекеттік құпияларға қол жетiмдiлiгiне байланысты өзiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуын мүмкiндiгiнше шектеу жөнінде өзiне мiндеттемелер алған және шекарадан тысқары шығуға ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi - құпиялықты сақтаушылар) сапарының мақсатына қарамастан, көрсетілген мiндеттемелерге өздерi қол қойған мемлекеттік органдардың немесе басқа ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларынан алдын ала шығуға рұқсат алуға мiндетті. Ұйымдар қайта ұйымдастырылған жағдайда, құпиялықты сақтаушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мүмкiндiгі туралы шешiмдi, олардың құқықтық мұрагерлерi болып табылатын ұйымдардың басшылары қабылдайды. Құпиялықты сақтаушылардың шығуына рұқсат беру туралы шешiмдi құпиялықты сақтаушылар алған мiндеттемелердi және олардың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен нақты хабарланғанын ескере отырып, ұйымдардың басшылары қабылдайды. Бұл ретте, ол адамның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен хабарланғаны туралы қорытынды ұлттық қауiпсiздiк органдарына жiберiледi. Ұйымдар таратылған (қысқартылған) кезде, құпиялықты сақтаушылардың шығу мүмкiндiгi туралы шешімдi тұрғылықты орны бойынша аумақтық ұлттық қауiпсіздiк органдарының басшылары қабылдайды. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беру немесе дәлелдi бас тарту азаматтардың өтінiштерiн қарау үшiн заңнамада белгіленген мерзiмде берiледi. Құпиялықты сақтаушы Қазақстан Республикасының тысқары жерлерге рұқсатсыз шыққан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiптiк немесе өзге де жауапкершілікке тартылуы мүмкiн. 5. Тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан шығу ішкi істер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өзге де мақсаттармен (қызметтiк, жеке жұмыстарымен, туристер ретiнде, жұмысқа, оқуға, емделуге, демалуға) шығу кезiнде iшкi iстер органдарының рұқсаты талап етiлмейдi. 6. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшiн рұқсат беру рәсiмi Қазақстан Республикасының Iшкi істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келісім бойынша айқындайды. 7. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұру үшiн шығу туралы өтінiштi 18 жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар 16 жастан бере алады. Балалардың және сот iс-әрекетке қабiлетi жоқ деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi. Бұл ретте, 14 жастан 18 жасқа дейінгi балалардың шығуы тек қана олардың келісімiмен жүзеге асырылады. 10 жастан 14 жасқа дейінгi балалар шыққан кезде, ол баланың мүдделеріне қайшы болған жағдайларды қоспағанда, баланың пікірін есепке алу міндетті. 8. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының өздерi немесе олардың заңды өкiлдерi аумақтық ішкi істер органдарына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтiнiш-сауалнама; 2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен төлқұжаты; 3) шығатын адамдардан алименттер алуға заң бойынша құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардың (ата-аналары ортақ некеден кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар болса, бұрынғы жұбайлары және басқалар) шетке шығуына қарсы еместiгi туралы нотариалды түрде куәландырылған өтiнiшi. Өтiнiш иесi қандай да болмасын себеппен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайда, мәселе сот тәртібімен шешiледi; 4) ҚР Үкіметінің 2006.31.05. № 479 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) әскери есептен шығару және әскери билеттi тапсыру туралы анықтама; 6) 10 жастан 18 жасқа дейiнгi балалардың бiрге шығуына нотариалды түрде расталған келісім; 7) 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiреуiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын екiншi ата-анасының нотариалды түрде расталған келісімi. Ата-анасының бiреуінің келісімi болмаған кезде, кәмелетке толмағанның шығуы сот тәртібімен шешiледi. Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi. Ішкі істер органдарына құжаттарды делдал заңды және жеке тұлғалардан қабылдауға тыйым салынады. ҚР Үкіметінің 2006.31.05. № 479 қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды 8-1. Аумақтық ішкі істер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негіздерінің жоқтығына тексеру жүргізеді. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сұрау салуларын мүдделі мемлекеттік органдар он күн мерзімде қарайды. 9. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу рұқсатын беру туралы шешiм осы Ереженiң 8-тармағында санамаланған барлық құжаттар берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады. 10. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша жұмыстарымен шыққан, сол жерде тұрақты тұруға қалу ниетiн бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарына тиiстi рұқсат берудi Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi, өтiнiш бiлдiрушiнiң Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрған жерi бойынша, аумақтық ішкі iстер органдарының келісімiмен жүргізедi. 11. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, тұрақты тұратын жеріне Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің консулдық есепке алу туралы белгісінің не ішкі істер органдарының олардың шекарадан тысқары тұрақты тұру фактісін растайтын белгісі негізінде шығады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |