|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбында және 1-тармақта «және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесінде: тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |