«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 Бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 113 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5706 болып тіркелген) «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5650 болып тіркелген), бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде: 1-бөлімде: 52-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Бюджеттік инвестициялық жобаларды таратып жазуда: қаржыландыру көздері (республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке, бюджеттен тыс қаражатқа, сыртқы қарызға бөле отырып) (3-баған); жылдар бойынша тарата жазып жоспарлы кезеңге басталғанға дейінгі қаржыландыру (5-баған); инвестициялық жоба деңгейінде жоспарлы кезеңге дейінгі қаржыландырудың жалпы сомасы (6, 7-бағандар) көрсетіледі»; «Өзге де мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің еңбек ақысына арналған шығыcтарды есептеу» деген 11-қосымша (10-111-нысаны) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|