«Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру туралы (2008.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2008.19.09. № 657 Жарлығымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және елде ақпараттық технологиялардың жаңа бәсекеге қабілетті саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану мақсатында қаулы етемін: 1. 2013 жылғы 1 қазанға дейiнгi кезеңге «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - AЭA) құрылсын. 2. Қoca берiлiп отырған АЭА туралы ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 5. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығымен Бекітілген «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2005.16.07. № 1617 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса берiліп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентiнiң және Алматы облысының iргелес жатқан жерлерiнің аумағында орналасқан. АЭА аумағы 342,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады. ҚР Президентінің 2008.19.09. № 657 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. АЭА: ақпараттық технологиялар саласын дамыту; Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн жандандыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|