Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы (2013.29.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 281-құжат). 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысымен бекітілген
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және үшжылдық кезеңге және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі Бюджет кодексіне сәйкес тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемі арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады және төмендегідей формулаға сәйкес есептеледі:
ЖСТі=КБКі-ШБКі
мұндағы ЖСТі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жалпы сипаттағы трансферттерінің көлемі; КБКі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кірістерінің болжамды көлемі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|