Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығы (2024.21.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.23.05. № 287 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.08.04. № 190 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің м.а. 2024.04.12. № 396 бұйрығымен (2024 ж. 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.23.05. № 287 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|