|
|
|
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы (2008.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-бөлiм. Сот жүйесі (6 - 22 баптар) 1-тарау. Аудандық және оларға теңестірілген соттар (6 - 9 баптар) 2-тарау. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (10 - 16 баптар) 3-тарау. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (17 - 22 баптар) 3-бөлiм. Судьялар мәртебесі (23 - 55 баптар) 1-тарау. Судьялардың құқықтық жағдайы (23 - 38 баптар) 2-тарау. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі (39 - 46 баптар) 3-тарау. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және (47 - 55 баптар) әлеуметтік қамсыздандыру 4-бөлiм. Соттардың қызметін қамтамасыз ету (56 - 57 баптар) 5-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер (58 - 59 баптар)
1-бап. Сот билiгi 1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртібімен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. 2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
2-бап. Мемлекеттік билiктiң нышандары 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. 2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот). 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды 3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi: 1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен; 2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен; 4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен; 5) заңды күшiне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен; 6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
5-бап. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртібін және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгiленедi.
1-тарау. АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін. 2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
1. Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. 2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi 1. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Аудандық соттың төрағасы 1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi. Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі. Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.
2-тарау. ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР
10-бап. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-бап. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы 1. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады. 2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. 1) жалпы отырыс; 2) апелляциялық сот алқасы; 3) кассациялық сот алқасы болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады. 4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді. 5. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды.
12-бап. Облыстық соттың өкiлеттiгi Облыстық сот: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 4) облыс соттарының әкiмшiсi қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
13-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 14 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14-бап. Облыстық соттың төрағасы 1. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар: 1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады; 2) сот алқасының және мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы; 3) облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 5) соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья қызметіне кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді; 6) облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 7) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 8) өкімдер шығарады; 9) сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 11) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда Жоғарғы Сот Төрағасы төрағаның міндетін уақытша атқаруды облыстық соттың сот алқасының төрағасына (судьясына) жүктейді. Облыстық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда міндеттердің атқарылуын жүктеуді облыстық соттың төрағасы жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 15 баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) сот алқасы судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) сот төрағасына мамандандырылған құрам жасақтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4) сот тәжiрибесiн зерделеу әрi жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы хабарлама ұсынады; 6) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Сот алқасының төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқалар судьяларының бiрiне жүктейдi.
16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы 1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда: 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді; 2) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды; 4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 5) уәкiлеттi органға белгiлi бiр адамды облыс соттарының әкiмшiсi қызметiне тағайындауға келісімiн бередi; 6) облыс соттары әкiмшiсiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдайды; 7) аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындылар жасайды; 8) уәкiлеттi органға облыс соттары әкiмшiсiн қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 9-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазасы бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады; 10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады; 2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады. 3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекiткен регламентпен анықталады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Жоғарғы Сот : 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды; 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді; 4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18-бап. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы 1. Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. 2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. 1) жалпы отырыс; 2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы; 3) қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады. 4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді. 5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды. 6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.»;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 19-бап. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар: 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ;2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;»; 3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi; 5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ;2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады; 7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi; 8) алқалардың жұмысын үйлестiредi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 9) Жоғарғы Сот Аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штатын бекітеді, сондай-ақ Аппараттың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi; 11) өкiмдер шығарады. 2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ: 1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының кандидатурасын ұсынады; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады; 4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |