|
Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесін бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 438 бұйрығымен күші жойылды
Учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындармен өзара іс-қимыл жасасуын нығайту мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Учаскелік полиция инспекторын әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Облыстар мен Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары учаскелік полиция инспекторлары лауазымдарына тағайындау кезінде Ереженің сақталуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А.Жансейітов) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 538 бұйрығымен бекітілген
Учаскелік полиция инспекторларын әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып тағайындау ережесі
1. Осы Ереже әкімшілік учаске халқының үміткерді ашық талқылауын ескере отырып, ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары лауазымына тағайындау шарттары мен тәртібін белгілейді. 2. Әкімшілік учаске тұрғындарының пікірін ескере отырып, ішкі істер органының учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындау рәсімін енгізу мақсаты: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру процесінде полиция мен халық арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды орнату мен дамыту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|