Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы
(2010.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесі одан «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Президентінің 2006.08.05. № 326 (бұр.ред.қара); 2008.23.04. № 575 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Президентінің 2010.27.09. № 1072 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Агенттіктің штат санының лимиті 416 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шаралар қолдансын.
ҚР Президентінің 2006.08.05. № 326 Жарлығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Агенттік төрағасының үш орынбасары болады деп белгіленсін.
6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1270 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгi туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер