<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.10 № 1047 ҚАУЛЫСЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану
тиімділігi мәселелері жөнiндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 Қаулысы

(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөніндегі үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  • Показать изменения

1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын.

  • Показать изменения

2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекітілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 19 қазандағы

№ 1047 қаулысына

қосымша

 

 

  • Показать изменения

Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану

тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің

  • Показать изменения

құрамы

 

  • Показать изменения

Айтжанова

Жанар Сейдахметқызы

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, төрайым

 

  • Показать изменения

Құсайынов

Марат Әпсеметұлы 

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрайымның орынбасары

 

  • Показать изменения

Шолпанқұлов

Берік Шолпанқұлұлы

- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрайымның орынбасары

 

  • Показать изменения

Тортаев

Бауыржан Қадырұлы

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры, хатшы

 

  • Показать изменения

Гуанг Ли

- Қазақстан Республикасындағы Азия Даму Банкінің өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Сергей Шаталов

- Қазақстан Республикасындағы Дүние жүзілік Даму Банкі өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Хишам

Талеб Марууф

- Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму Банкінің өңірлік өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Рене Мали

- Қазақстан Республикасындағы Еуропа Комиссиясы өкілдігінің техникалық жәрдемдесу бөлімінің жетекшісі (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Омарова Анар

- аға банкир, Қазақстан Республикасындағы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі өкілдігінің басшысы, (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Ро Хён-джун

  • Показать изменения

- Корея халықаралық ынтымақтастық бойынша агенттігінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Нишикава Татцуджи

- Қазақстан Республикасындағы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қалыптастыру жөніндегі кеңесшісі (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Миятта Томоко

- Қазақстан Республикасындағы Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қалыптастыру жөніндегі кеңесшісі (келісім бойынша)

  • Показать изменения

 

  • Показать изменения

Роберт Симпсон

- Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының халықаралық ынтымақтастық бойынша агенттігінің Қазақстан бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Омер Кожаман

- Қазақстан Республикасындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша Түрік агенттігінің Қазақстан бойынша бағдарламалардың үйлестірушісі (келісім бойынша)

 

  • Показать изменения

Райнер Гертц

- Қазақстан Республикасындағы техникалық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамының директоры (келісім бойынша)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 19 қазандағы

№ 1047 қаулысымен

Бекiтiлген

 

  • Показать изменения

Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау,

тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегі

  • Показать изменения

үйлестiру кеңесi туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ қызметi Кеңестiң мақсаттары мен міндеттерiне қайшы келмейтін қарыз берушілермен және донорлармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кеңес шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары

 

5. Кеңестiң негiзгi міндеттерi:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының қарыз берушiлермен және донорлармен ынтымақтастығының қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауға, тартуға және пайдалануға байланысты проблемалық мәселелердi талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

4) халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөніндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Негізгі мiндеттердi орындау мақсатында Кеңес мынадай функцияларды атқарады:

1) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды, мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауды, тартуды және пайдалануды үйлестiрудiң проблемалық мәселелерiн қарайды;

2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тиімді жоспарлау, тарту және пайдалану мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтiк қорытындыларды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізеді;

3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімді пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық құқық нормаларына сәйкес келу мәнiне талдау жасайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Кеңестiң құқықтары

 

7. Кеңес өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;

2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану мәселелерi жөнiнде ұсынымдар бередi;

3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды үйлестiруге байланысты мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

4) Кеңес құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкiлдерiн, қарыз берушілер мен донорларды Кеңес отырыстарына шақырады және тыңдайды;

5) Кеңес шеңберінде әлеуметтiк-экономикалық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтарын құрады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

 

8. Кеңестi төраға басқарады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады;

3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

4) Кеңес мүшелерiн және қарыз берушiлер мен донорлардан шақырылған өкiлдердi Кеңестiң кезектi отырысының өткізiлетiн орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етедi;

5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiлерiн өз қолымен растайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Кеңес отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi және егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12. Төраға болмағанда отырыстарға Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13. Кеңес шешімдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешімдер хаттамамен pесімделеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14. Шешім қабылдау кезiнде Кеңес мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15. Кеңес мүшелерінің ерекше пiкiрге құқығы бар, ол білдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуi тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16. Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдерi Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Кеңес отырыстарының хаттамаларынан үзінділер жіберу жолымен жеткiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. Кеңестің жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.