Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2) тармақшасына сәйкес, белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есепке алынуын жүргiзуді жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдарды есепке алуды жүргізу Ережесі бекітілсін. 2. «Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебін жүргізудің бірыңғай тәртібі Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы № 22 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4796 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін; 2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) жұмыста пайдалану үшін және аумақтық органдарға орындау үшін жолдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|