|
|
|
Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2008.06.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1203 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 504-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысымен бекітілген
Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 2. Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметті лицензиялауды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - лицензиар) жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 3. Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысуына бас лицензия беріледі. Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша аймақтың басқа жерінде аумақтық орналасқан филиалдар, сондай-ақ учаскелер және қабылдау пункттері лицензияға қосымшада көрсетіледі. 4. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары лицензиялау субъектілері болып табылады. 5. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың, лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың және одан айырудың тәртібі
6. Лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензияны беру үшін тиісті лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). 8. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшін лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласындағы органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну жөнінде сауал жібереді. 9. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензияны беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады; 3) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны беруден бас тартылуы мүмкін. 11. Лицензияны беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 12. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті. 13. Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады. 14. Егер лицензия белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы. 15. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. 16. Бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді. 17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 18. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) лицензиядан алып қойылғанда; 3) бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға таратылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған; 4) лицензия ерікті түрде қайтарылған; 5) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайларда тоқтатылады. 19. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
20. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы. 21. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтер бар лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысымен Бекітілген
Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 1. Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 1) қоршалған, күзетілетін және санитарлық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік базаның (меншік құқығында); 2) кәсіпорындар мен ұйымдардан металл сынықтарын дайындау үшін автокөліктің (жүк автомобильдері) (меншік құқығында); 3) мынадай мөлшерлерде: түсті металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 400 ш.м; қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс істеу үшін - кемінде 1000 ш.м автокөлік үшін кіреберіс жолдары бар және/немесе кіреберіс темір жол тұйықтары бар жер учаскесінің не оның үлесінің (меншік және/немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығында); 4) заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөніндегі нұсқаулықтың; 5) пайдаланылатын жабдықпен жұмыс істеу үшін арнайы дайындықтан өткен білікті персоналдың (краншылар, престеушілер, газбен кесушілер, пиротехниктер, дозиметршілер); 6) аудиторлық ұйым растаған кемінде 60000 (алпыс мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтердің болуын қамтиды. 2. Мамандандырылған өндірістік база мыналарды: 1) оттегі және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды; 2) қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлері, маркалары мен сұрыптары бойынша бөліп сақтауға арналған контейнерлерді немесе алаңдарды; 3) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды; 4) сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндірістік үй-жайларды; 5) өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған түсті және қара металдардың жарылу қаупі бар сынықтарына арналған қойманы; 6) персоналды орналастыруға арналған жеке үй-жай(лар)ды; 7) белгіленген тәртіппен тіркелген кемінде 50 %-ы электромагниттік шайбалармен не грейферлік қапсырулармен жарақталуы тиіс жүк көтергіштігі кемінде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергіш жабдықты; 8) қара металдардың сынығын оттық кесуге арналған жабдықты, оның ішінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды; 9) қара металдардың жеңіл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престерді, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды; 10) олардың салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдарын (автомобиль және/немесе темір жол таразылары) мен басқа да метрологиялық жабдықты; ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 11-тармақша өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 11) салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейін өлшеуге арналған дозиметрлік және/немесе радиометрлік жабдықты; 12) ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен алып тасталды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 3. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын филиал үшін 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетілген талаптар қойылады. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 4-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 4. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның филиалының тіркелген жері бойынша өңірдің басқа жерінде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын учаске үшін 1-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, 1-тармақта көрсетілген талаптар қойылады. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 5. Түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе филиалының тіркелген жері бойынша өңірдің басқа жерінде аумақтық орналасқан заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын қабылдау пункті үшін мыналардың: 1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жайдың; 2) салыстырып тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген таразы шаруашылығының; 3) қабылдау пунктінің лицензиатқа тиесілілігін растайтын құжаттардың (лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері); 4) қабылдау пунктінің заңды тұлғаға тиесілілігі, лицензия нөмірі, жұмыс режимі көрсетілген маңдайшаның; 5) кемінде 200 ш.м алаңның болуы талап етіледі. Пункт тұрғын үй және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасуы және өрт қауіпсіздігі мен санитарлық нормалар талаптарына сәйкес қоршалған, күзетілетін және оқшауланған болуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 6-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 6. Лицензияның және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері филиалдардың, учаскелердің, қабылдау пункттерінің лицензиатқа тиесілілігін растайтын құжат болып табылады. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 7-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 7. Лицензиат түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын заңды тұлғаның, оның лицензияға қосымшада көрсетілген филиалдарының және/немесе учаскелерінің мамандандырылған өндірістік базасының аумағынан ғана тиеп жөнелте алады. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 8. Жеке тұлғалар шығу тегі электротехникалық, өнеркәсіптік, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желісінің кәбілдерінен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темір жол төсемі мен жылжымалы құрам элементтерінен, кәріз люктерінің қақпақтарынан басқа, түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын тапсыра алады. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 426 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) 9. Осы біліктілік талаптары заңды тұлғалардың өз өндірісі барысында және құрамында түсті және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткізе алады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |