ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Жер учаскесіне құқықтың алғаш берілуінің құқық белгілеуші құжаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорын) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦК) болған жағдайда мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал), сондай-ақ мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің шалғайдағы елді мекендер тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету мобильдік орталықтар арқылы жүргізіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 158-бабының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) www.auzr.kz интернет-ресурсында; 2) мамандандырылған кәсіпорынның www.aisgzk.kz интернет-ресурсында; 4) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 5) орталықтардың стенділерінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|