Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы (2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.25.12. № 910 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 141 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4213 болып тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (1089-1090) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|