Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы (2011.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804 қаулысымен тақырыбы мен мәтініндегі сөздер өзгертілді
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің қару мен әскери техниканы пайдалануын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі бекітілсін. 2. Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілер арасында қару мен әскери техниканы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 04.12.00 ж. № 1804; 22.11.01 ж. № 1503; 28.12.01 ж. № 1755 22.10.02 ж. № 1138; 29.01.04 ж. № 100 (бұр. ред. қара);29.09.04 ж. № 996 ; 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара); 2008.28.04. № 340 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына қосымша
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті 6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы 8. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) 9. ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары 11. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттік кәсiпорны. ҚР Үкіметінің 2009.27.04 № 585 қаулысымен тізбе тармақпен толықтырылды 12. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі
|