Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.04.05. № 185 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.30.07. № 242 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.25.03. № 91 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.22.11. № 339 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|