<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖАРНАМА ТУРАЛЫ 2003 ЖЫЛҒЫ 19 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 508-ІІ ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жарнама туралы
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2016.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаттары

2-бап. Заңның қолданылу аясы

3-бап. Негiзгi ұғымдар

4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар

2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi

8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама

10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама

11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама

12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама

13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн жарнамалау ерекшелiктерi

14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау

16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi

3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу

17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу

17-1-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

17-2-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

18-бап. Жарнамалық ақпарат беру

19-бап. Терiске шығару

20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Заңның мақсаттары

Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-2) жарнама құрылысы - жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған әртүрлі көлемді немесе тегістікті сыртқы (көрнекі) жарнама оъектілері, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды

1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама - жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) жарнама таратушы - мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7-1) маңдайша - ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

7-2) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда объектісінің немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оған тікелей жақын жерде орналасқан, оның атауы туралы ақпарат, оны дараландыру және навигация құралдары бар, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі жарнама құрылысы.

  • Показать изменения

8) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар

Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

 

6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

  • Показать изменения

1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы білімсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады.

  • Показать изменения

Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.

  • Показать изменения

Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.

  • Показать изменения

Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгiленедi.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

  • Показать изменения

8. Әлеуметтік жарнамада, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың нақты таңбалары (модельдері, артикульдері), тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы және оларды дараландырудың өзге де құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.

  • Показать изменения

Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айтуға жол беріледі.

  • Показать изменения

Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы әрқайсысы туралы - үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi

1. Мынадай:

1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;

2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;

3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін;

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Мыналарға:

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына;

2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;

3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына;

4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;

5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;

6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;

7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;

8) мемлекеттік нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;

9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;

10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;

11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;

12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа;

14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттілік деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мыналар:

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;

2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама

  • Показать изменения

1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс.

  • Показать изменения

Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама

  • Показать изменения

Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды.

  • Показать изменения

Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама

1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен, плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

  • Показать изменения

маңдайша;

  • Показать изменения

жұмыс режимі туралы ақпарат;

  • Показать изменения

мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар;

  • Показать изменения

қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;

  • Показать изменения

жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:

  • Показать изменения

тауарлық өнімнің үлгілері;

жеке дараландыру құралдары;

  • Показать изменения

декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру;

  • Показать изменения

автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;

  • Показать изменения

қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд жатпайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға:

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

1) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгілi бiр мерзiмге беретiн құжат;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1-1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-2) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды

1-3) сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды

1-4) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-5) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-6) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

  • Показать изменения

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, селолардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы есептеледі және төленеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.