Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 79бұйрықпен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану мәселелерін реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|