Қазақстан Республикасы Президентінің (2024.03.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ереже және оның құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 31-і.
№ 160
Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы
1. Жалпы ережелер
1. «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Кеңес «Астана» халықаралық қаржы орталығын (бұдан әрі - Орталық) басқарудың жоғары органы болып табылады. 2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және осы Ережені басшылыққа алады. 3. «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» акционерлік қоғамы Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Жұмыс органы) болып табылады.
4. Кеңестің негізгі міндеттері: 1) Орталықты дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|