Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес газбен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және/немесе су бұру жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысаны бекітілсін. 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|