|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тарифтерді қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 14 қарашадағы № 1319 бұйрықпен бекітілген
Тарифтерді қалыптастыру қағидалары
2-тарау. Мекеменің тарифті есептеу тетігі 1-параграф. Тарифтік реттеудің шығынды әдісін ескеріп, тарифті есептеу тетігі 2-параграф. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолданып, тарифті есептеу тетігі 3-параграф. Тарифті индекстеу әдісін қолданып, есептеу тетігі 3-тарау. Мекеменің уақытша өтемдік тарифін бекіту тәртібі 1-параграф. Уақытша өтемдік тарифті бекіту негізі мен тетігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|