Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы (2025.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 136-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|