«Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 30 мамырдағы № 332 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14914 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Темекі өнімдерінің өндірілуі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|