«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында: мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»; 1-тармақ: мынадай мазмұндағы 137) және 138)-тармақтармен толықтырылсын: «137) осы бұйрыққа 137-қосымшаға сәйкес бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.04-нысан); 138) осы бұйрыққа 138-қосымшаға сәйкес «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары.»; осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 137 және 138-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|