Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16347 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 466-бабы 2-тармағына және 467-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидасы, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидасы, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары мен құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|