Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысымен бекітілген
Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары
Осы Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. 1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі - есептік тіркеу) - микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 12 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі - Филиал) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|