Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 2-қосымша
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі — оқу ұйымдары) механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді (бұдан әрі — жүргізушілер) даярлау тәртібін айқындайды. 2. Жүргізушілерді даярлау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлаудың үлгі бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы және «A1», «В1», «С1», «D1», «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдардың қатарынан жүзеге асырылады. 4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы адамдарды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның автоматтандырылған кешенімен біріктірілген «Автомектеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланып жүргізіледі. 5. Жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу топтары саны кем дегенде отыз адамнан жасақталады.
2. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау тәртібі
6. Механикалық көлік құралдарын (бұдан әрі - МКҚ) жүргізушілерді даярлау мынадай тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады: 1) «Құрылымы және техникалық қызмет көрсету»; 2) «Жол қозғалысы ережелері»; 3) «Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі»; 4) «Алғашқы медициналық көмек көрсету»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|