Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 284 қаулысымен бекітілген
Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және республикалық бюджет (бұдан әрі - бюджет) қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау, сондай-ақ бюджетке қайтаруға жататын білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларының сомаларын айқындау үшін қолданылады.
2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысын айқындау
2. Білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі - мемлекет сыйлықақысы) жинақтаудың ең аз мерзімі бір жыл болған кезде, 1 қаңтардағы жағдай бойынша білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығының сомасына қарай (бұдан әрі - салым сомасы) мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
МС = СС / 100 х СМ
мұнда: МС - мемлекет сыйлықақысы; СС - салым сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|