Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің нысанын бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Прокуратура органдарының есептілік нысандарын жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 4), 5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Прокурордың қадағалау қызметі туралы» есептің (бұдан әрі - Есеп) нысаны бекітілсін. 2. Есепті тоқсан сайын құрастыруды есептік кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне өспелі қорытындымен белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Төрағасы Есепті қалыптастыру тәртібін бекітсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 5. Комитетке: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырсын; 2) осы бұйрықтың көшірмесі орындау үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, облыстардың прокуратураларына және оларға теңестірілген прокуратураларға, Комитеттің аумақтық органдарына жолдансын. 6. Бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 7. Осы бұйрық 2019 жылғы 15 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 149 бұйрығына 1-қосымша
ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ Прокурордың қадағалау қызметі туралы
«Прокурордың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты кадағалау жөніндегі жұмысы туралы» 1-бөлім
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|