<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ АУДАРУ ЕРЕЖЕСІН...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы

(2016.27.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

  • Показать изменения

«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

  • Показать изменения

2004 жылғы 21 маусымдағы

№ 683 қаулысымен

  • Показать изменения

бекiтiлген

 

 

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
ережесі

 

  • Показать изменения

Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  • Показать изменения

1-1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;

  • Показать изменения

2) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары;

  • Показать изменения

3) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

  • Показать изменения

4) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;

  • Показать изменения

6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды, мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оларға қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;

  • Показать изменения

6-1) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері - Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

  • Показать изменения

7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (Ережеге қатысты) - өздерін табыс әкелетін жұмыспен қамтамасыз ететін дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарына қатысты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар деп дара кәсiпкерлер - қожалық басшысы, сондай-ақ кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерi танылады.

  • Показать изменения

8) уәкiлеттi орган - Қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi

 

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

  • Показать изменения

Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.27.12. № 862 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Жұмыс берушi үшiн орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстары әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.

  • Показать изменения

Өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың алатын табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

  • Показать изменения

Бұл ретте өзін өзі жұмыспен қамтыған адамның алатын табысы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсатында айқындалатын табыстан аспайтын өз пайдасына әлеуметтік аударымдар есептеу мақсатында өздері дербес айқындайтын сома болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

4. Жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарын есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген тәртіппен жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесін қоса отырып жүргізіледі.

  • Показать изменения

Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегін пайдаланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың шығыстарына материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде алынған табысты қоса алғанда, қызметкерге ақшалай немесе заттай нысанда төленетін табыстар жатады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.12. № 1310 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 12), 31) тармақшаларында және 156-бабы 1-тармағының 12), 18), 24), 30), 32) тармақшаларында және 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.07.08. № 617 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

6. Міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн Қорға төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Әлеуметтік аударымдарды аудару тәртiбi мен мерзiмi

 

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

7. Төлеушiлер Қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорация арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктiрмей, өздері үшін әлеуметтік аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерi қоса берілген өздерiнiң банк шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

  • Показать изменения

Төлеушілердің банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - банктер) әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақша нысанында енгізуі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмi әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН); тегiн, атын, әкесiнiң атын; туған күнін; әлеуметтік аударым сомасын; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезеңді (жыл, ай, айлар) қамтуы тиiс.

  • Показать изменения

Төлеушілер әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында форматта көзделген жеке «ААЖЖЖЖ» деген жолда көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Мемлекеттік корпорация әлеуметтiк аударымдарды есепке алуды әлеуметтік аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ЖСН базасында уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

10. Банктердiң Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмi қоса берілген MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Төлеушілер берешектi аударуды олар үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен кезең (жыл, ай, айлар) үшін жүргізедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12. Банктер әлеуметтік аударымдар сомаларын Мемлекеттік корпорацияның шотына осы сомалар төлеушiнiң банк шотынан есептен шығарылған күнi аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация:

  • Показать изменения

1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;

  • Показать изменения

2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адам болып табылатын;

  • Показать изменения

3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

14. Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге осы Ереженің 8-тармағына сәйкес өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама жібереді.

  • Показать изменения

 Бұл ретте егер әлеуметтік аударымдар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын жағдайда, хабарлама жіберілмейді.

  • Показать изменения

Хабарлама нысанын бюджетке салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орган белгілейді.

  • Показать изменения

Төлеушілер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15. Мемлекеттік кірістер органы төлеушілерден міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін алған кезде әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекті кейіннен Қорға аудару үшін көрсетілген тізімдерді қоса беріп, төлеушілердің банктік шоттарына инкассолық өкімдер береді.

  • Показать изменения

Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда, міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ жаңа редакцияда; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

  • Показать изменения

Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.

  • Показать изменения

Мемлекеттік кірістер органының банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 250 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18. Төлеушi әлеуметтік аударымдарды Қорға уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн «төлем мақсаты» деген жолда - «кезең (жыл, ай, айлар) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы төлемегенi үшін өсiмпұл» деп көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19. Төлеушілер уақтылы төлемеген өсімпұл кезең үшін (жыл, ай, айлар) MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен төленедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

20. Орталық өсiмпұл сомасы түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде ақшаны Қордың шотына MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

21. Төлеушiнің Қорға артық (қате) аударылған әлеуметтiк аударымдарын және (немесе) уақытында және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің кiнәсiнен артық (шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлейтін банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

22. ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

23. Өзі үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзейдi.

  • Показать изменения

Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

24. Төлеуші артық (қате) төлеген және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

төлеушi (төлеушінің банкi) Мемлекеттік корпорацияға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;

  • Показать изменения

өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi;

  • Показать изменения

мiндеттi әлеуметтік аударымдарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасымен қоса Қорға жiберіледi;

  • Показать изменения

Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-100 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн Қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қор төлеушiнiң банктік деректемелерi, қатысушылардың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) мен олар бойынша қайтару сомалары көрсетілген төлеушілердiң тiзілiмiн сол күнi Мемлекеттік корпорацияға бередi. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша Қор себебiн көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы шешiмдi бередi;

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады;

  • Показать изменения

төлеушi әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады;

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация артық есептелген сомалар қайтарылғаннан кейiн Қорды осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң орындалғаны туралы хабардар етедi;

  • Показать изменения

Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ Қордан әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.12. № 862 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

25. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

26. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2016.14.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

27. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

28. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

29. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

  • Показать изменения

Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 30, 31 және 32-тармақтармен толықтырылды

  • Показать изменения

30. Қорға әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын төлеуші Мемлекеттік корпорациядан міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратуына және тегін алуына болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

31. Төлеуші міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінім толтырады және Мемлекеттік корпорацияға оның бөлімшелері арқылы ұсынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

32. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпаратты дайындайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы төлеушіге береді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2016.14.04. № 215 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Әлеуметтiк аударымдарды

  • Показать изменения

есептеу және аудару ережесіне

1-қосымша

 

 

  • Показать изменения

«Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры»

  • Показать изменения

акционерлік қоғамының басшысы _______________________

 

  • Показать изменения

кімнен _____________________________________________________________________________________

  • Показать изменения

(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң немесе төлеушi банкінiң атауы)

 

  • Показать изменения

Өтiнiш

 

  • Показать изменения

_______________ №___ төлем тапсырмасымен аударылған қате (артық) әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын _____________________________________________________________атына

  • Показать изменения

(өздері үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын және қайтарылуға жататын соманы көрсету) қайтаруды жүргізуді сұраймын,

референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы __________.

  • Показать изменения

Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):

  • Показать изменения

1) төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмалары негiзiнде екi немесе одан да көп рет Қордың шотына қате аударған;

  • Показать изменения

2) алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;

  • Показать изменения

3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

  • Показать изменения

4) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

  • Показать изменения

5) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында, тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;

  • Показать изменения

6) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

  • Показать изменения

7) әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат Қордың шотына қате аударылған;

  • Показать изменения

8) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.

Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:

  • Показать изменения

_____________________________________________________________

  • Показать изменения

(төлеушінің толық деректерi, барлық банктік деректемелерi көрсетiледi)

  • Показать изменения

Қосымшалар: төлем құжатының көшiрмесi.

  • Показать изменения

Қажет болған жағдайда: жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшiрмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда - қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.