«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2016 жылғы 27 ақпанда № 39 (28767) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Жазғы уақытта күртесіз және галстуксыз қысқа жең жейде не жейдесіз белгіленген үлгідегі омыраудағы және жеңдегі белгілермен футболка немесе футболка-поло не жейденің орнына футболка, шалбар және күрте киюге болады.». 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|