|
Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 346) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12642 болып тіркелген); 2) «Мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 367 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31169 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|