<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2009.04.12 № 214-ІV ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы Ережелер

(1 - 5-баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері

(6 - 15-баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шаралары

(16 - 23-баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Қорытынды Ережелер

(24 - 26-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар - осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);

4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық  профилактикасының принциптері

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) заңдылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) отбасын қолдау және сақтау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) құпиялылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Заңда белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ  ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жергілікті өкілді органдар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Жергілікті атқарушы органдар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық   саясат жөніндегі комиссиялар

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және жәбірленушілерді оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

7) жәбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) қорғау нұсқамасын шығарады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) әкімшілік ұстауды жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

15) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

16) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне мұқтаждарының мониторингін жүргізуді және оларға талдау жасауды қамтамасыз етеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті орган:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі шараларды әзірлейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті

Денсаулық сақтау ұйымдары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегін көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3) алкоголизмнің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

3-1) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүдделері үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету туралы өтінішпен жүгінеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген көмек жәбірленушілерге тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ  ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ

 

16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) профилактикалық әңгімелесу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) қорғау нұсқамасы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) әкімшілік ұстау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) әкімшілік жаза қолдану;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін мынадай мән-жайлардың бірі:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар негіз болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19-бап. Профилактикалық әңгімелесу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер бар адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткізіледі және ол бір сағаттан аспауға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20-бап. Қорғау нұсқамасы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1 (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстауды жүргізу не Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабында көзделген тәртіппен ұстау үшін негіздер болмаған кезде ішкі істер органының бастығы не оның орынбасары, учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау нұсқамасына жазылады.

Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс.

  • Показать изменения

Қорғау нұсқамасының көшірмесі, өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға ол берілген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жегі күнде кемінде бір ретті құрайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21-бап. Әкімшілік ұстау

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқамасын шығару жеткіліксіз деп ұйғаруға негіздер болған жағдайда ішкі істер органдарының лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтін әкімшілік ұстауды жүргізеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Әкімшілік ұстаудың тәртібі, мерзімдері, әкімшілік ұстауға ұшыраған адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

  • Показать изменения

Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы.