Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидаларын бекіту туралы (2023.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1010 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары бекiтілсiн, осы бұйрықтың қосышасына сәйкес. ҚР Қорғаныс министрінің 2023.09.10. № 1010 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме жəне онда сотталғандарды ұстау қағидалары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін. 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|