|
|
|
Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы (2021.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 194 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі; 2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 459 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № 1061 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.31.03. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.28.06. № 441 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тетігі жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
ҚР Үкіметінің 2021.31.12. № 979 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2022 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |