Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 624 Қаулысы
(2024.07.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2024.07.10. № 826 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысында:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;».
3. «Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі № 216 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 10, 104-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары»;