Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-12) тармақшасына және 7-бабы 5-2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|