|
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы (2025.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.20.10. № 881 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.18.02. № 72 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2025.20.10. № 881 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі - қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2025.20.10. № 881 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды, салааралық үйлестіруді және оның орындалуын бақылауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|