Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы (2013.22.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті: осы бұйрықты облыс, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізсін; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен бекітілген
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013.22.07. № 326-ө-м бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|