|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1) 6-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Референдум өткізу кезінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді. 5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға дайындық пен оны өткізу барысын жария етіп отырады, олардың өкілдерінің референдум өткізуге байланысты іс-шараларға баруына кепілдік беріледі. Сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес реттеледі.»; 2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Қоғамдық пікірге сауал салу Республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.»; 3) 24-бапта: 2-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Референдумға дайындық пен оны өткізу кезеңінде референдум комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу бөлігінде олардың қызмет жағдайларын қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес айқындалады.»; 4) 27-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады.»; «5. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервімен жеткізіледі.»; 5) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын: «31-1-бап. Референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.». 2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1) 9-баптың 5-2) тармақшасы «және мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 3) 20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;»; 4) 22-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.». 3. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 10-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін және мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;». 4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 4-тармақтың 1) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 3-бапта: 3-тармақ «оның ішінде» деген сөздерден кейін «кассациялық,» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын: «3-2. Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.»; 4-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 2) 14-баптың 1-тармағында: 3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойын ша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»; мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»; 4-тармақтың 3) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 3) 16-бапта: 1-тармақта: 9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9-3) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»; мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын: «9-4) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;»; 4-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 2-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «екі судьясын» деген сөздер «бір судьясын» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 4) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 4) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын: «2-1-тарау. Кассациялық соттар 16-2-бап. Кассациялық соттарды құру 1. Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады. 2. Кассациялық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Жоғарғы Сот Төрағасы уәкілетті органның ұсынуы негізінде әрбір кассациялық сот үшін судьялардың санын Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша белгілейді. 16-3-бап. Кассациялық соттың құрылымы мен құрамы 1. Кассациялық сот төрағадан және судьялардан тұрады. 2. Кассациялық сотта мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. 3. Мамандандырылған құрамдарды кассациялық соттың төрағасы жасақтайды. 4. Жалпы отырыс кассациялық сот органы болып табылады. 5. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін кассациялық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган - Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Кассациялық сот судьялары лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. 16-4-бап. Кассациялық соттың өкілеттіктері Кассациялық сот: 1) сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды; 2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 3) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 16-5-бап. Кассациялық сот төрағасы 1. Кассациялық сот төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар: 1) сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; 2) кассациялық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді; 3) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кассациялық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 5) кассациялық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 6) сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; 7) өкімдер шығарады; 8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 9) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кассациялық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы осы сот судьяларының біріне жүктейді. 3. Кассациялық сот төрағасы уақытша болмаған жағдайда міндеттерді атқару кассациялық сот төрағасының өкімімен осы кассациялық сот судьяларының біріне жүктеледі. 4. Жоғарғы Сот Төрағасы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген міндеттерді атқаруды жүктеудің күшін жоюға және кассациялық сот төрағасының міндеттерін атқаруды осы кассациялық соттың басқа судьясына жүктеуге құқылы. 16-6-бап. Кассациялық соттың жалпы отырысы 1. Кассациялық сот қажетіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей жалпы отырыстар өткізеді, оларда: 1) кассациялық сот төрағасының ақпаратын тыңдайды; 2) сот практикасын талқылайды және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған соттардың сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 3) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, кассациялық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды; 4) кассациялық соттың бір судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді; 5) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады; 6) кассациялық сот судьясының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Жалпы отырыс кассациялық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты болады. 3. Кассациялық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртібі ол бекіткен регламентте айқындалады. 4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауаптылығы мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.»; 4-тармақтың 5) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 5) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жатқызылған сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер беріп отырады.»; 4-тармақтың 6) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 6) 20-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: 4-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады «3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының, кассациялық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді; 3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін кассациялық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»; 4-тармақтың 6) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 4-1) тармақша алып тасталсын; 7) 22-баптың 1-тармағында: 3) тармақшаның екінші бөлігіндегі «Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының» деген сөздер «Жоғарғы Соттың жұмыс істеп жүрген судьялары санының» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацы 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақтың 7) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады 6) тармақша «сот алқалары төрағаларының,» деген сөздерден кейін «кассациялық соттар төрағаларының,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 7) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 7-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 4-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады «7-5) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының, кассациялық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»; 4-тармақтың 7) тармақшасының алтыншы абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 7-8) тармақша «және сот алқасы төрағасының,» деген сөздерден кейін «кассациялық сот төрағасының,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 7) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы 7-9) тармақшамен толықтырылсын: 4-тармақтың 7) тармақшасының сегізінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады «7-9) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін кассациялық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;»; 4-тармақтың 8) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді 8) 29-бапта: мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі немесе кемінде сегіз жыл судьялық жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат кассациялық сот судьясы бола алады.»; 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 4-тармақтың 8) тармақшасының бесінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакцияcында қолданылады «Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, кассациялық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жұмыс орны бойынша тиісінше Жоғарғы Соттың, облыстық соттың, кассациялық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.»; 4-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;»; 4-тармақтың 9) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 9) 30-бапта: 2-тармақта: бірінші бөлік «және судьясының,» деген сөздерден кейін «кассациялық сот судьясының,» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік «болып табылатын,» деген сөздерден кейін «кассациялық,» деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақтың 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесі осы сот судьясының бос лауазымына Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамды ұсына алады.»; 4-тармақтың 9) тармақшасының жетінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 3-тармақ «Облыстық соттар» деген сөздерден кейін «, кассациялық соттар» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 9) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақта: мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Кассациялық соттардың төрағалары бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық сот судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі, оның ішінде облыстық сотта кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.»; 4-тармақтың 9) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі төртінші бөлік «және судьяларының,» деген сөздерден кейін «кассациялық сот судьясының және төрағасының,» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші бөлік «және сот алқалары төрағаларының,» деген сөздерден кейін «кассациялық сот төрағасының,» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 10) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 10) 30-1-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін», «және Судья әдебі кодексінде» деген сөздер алып тасталсын; үшінші бөліктегі «бір жылдық» деген сөздер «үш жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия тоғыз мүшеден - облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың екі судьясынан, Жоғарғы Соттың бір судьясынан және отставкадағы екі судьядан тұрады.»; 4-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 11) 31-баптың 8-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяны басқа сотқа ауыстыру кезінде судья өзінің келісімімен жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа судьяның бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.»; 12) 33-баптың 1-тармағында: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) партиялық тізімдерге енгізу жағдайларын қоспағанда, судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;»; мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: «1-2) саяси партияға кіру ниетінің болуына байланысты судья лауазымынан босату туралы өтініш берілсе;»; 13) 34-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) саяси партияға кіруі;»; 4-тармақтың 10) тармақшасының төртінші абзацы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 9) және 10) тармақшалардағы «басқа сотқа, басқа мамандануға» деген сөздер «жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 35-бапта: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты 2025 ж. 1 қаңтардан бастап; кассациялық соттардың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2026 ж. 1 қаңтардан бастап; аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2027 ж. 1 қаңтардан бастап 4-тармақтың 14) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізіледі 2-1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен» деген сөздер алып тасталсын; 2-2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Судьяның отставкасы: 1) ол қылмыс жасаған немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасаған; 2) саяси партияға кірген; 3) өз тілегі бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған; 5) ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда тоқтатылады. Жоғары Сот Кеңесі: 1) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе; 2) судья лауазымына қайта тағайындалған жағдайда; 3) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген судьяның отставкасын тоқтату негіздері қаралғанға дейін; 4) егер отставкадағы судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланса, судьяның отставкасын тоқтата тұруды жүзеге асырады. Егер судьяның отставкасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның отставкасы қалпына келтіріледі.»; 4-тармақтың 15) тармақшасы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 15) 38-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады. 4-тармақтың 15) тармақшасының үшінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады Сот жюриі он үш судьядан - аудандық соттардың үш судьясынан, облыстық соттардың төрт судьясынан, кассациялық соттардың үш судьясынан және Жоғарғы Соттың үш судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді. Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды. Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы. Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өздерінің арасынан сайлайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |