Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.12.12. № 456 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 29 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармақтың 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-баптың 4, 5, 7-тармақтарына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|