Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы (2025.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері; 3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. ҚР Үкіметінің 2017.29.09. № 603 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.10.07. № 437 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Осы қаулы: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|