«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидаларында: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»; мынадай мазмұндағы 135) және 136)-тармақтармен толықтырылсын: «135) осы бұйрыққа 135-қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (913.00-нысан); 136) осы бұйрыққа 136-қосымшаға сәйкес «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»; осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 135 және 136-қосымшалармен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|