|
|
|
Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 Қаулысымен күші жойылды
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1065 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) қосымшаға сәйкес білім беру мемлекеттік ұйымдарының санын Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепілдендiрiлген мемлекеттік нормативiне жеткiзудi; 2) экономикалық орындылығына және жалпы білім беретiн оқу орындары жоқ ауылдық елдi мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісімiне сүйене отырып мектеп-интернаттардан, мектептiң жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретiн мектептерге күнделiктi тегiн тасу жолымен азаматтардың тегiн орта білім алуын қамтамасыз етсiн. 3. "Мемлекеттік білім мекемелерiн құру, қайта құру және тарату тәртібі туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 маусымдағы № 637 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 25, 272-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысымен бекітілген Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi 1. Бiлiм беру ұйымдары желісінiң кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативi Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген азаматтардың тегін орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында белгіленді. 2. Әрбір ауылдық елді мекенде: 1) төменгі мектеп жасындағы оқушылардың саны 5 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш сатысының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 2) төменгі және орта мектеп жасындағы оқушылардың саны 41 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орнының бастауыш және негізгі сатыларының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі; 3) төменгі, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушылардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы білім беретін мемлекеттік орта оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 3. Қалалық жерде тұрғындардың тегін орта білім алуға сұранымын қанағаттандыру үшін 1999 жылдың 1 қыркүйегінде болған мемлекеттік жалпы білім беру оқу орындары желісінің жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 4. Оқуға және мектептің жанындағы интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың саны 10 және одан көп болуы шартымен, мемлекеттік мектептің жанындағы интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 5. Оқуға және мектеп-интернатта тұруға мұқтаж оқушылардың контингенті 150 және одан көп болған жағдайда ашылатын, мемлекеттік жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 6. Әрбір облыста: мемлекеттік санаториялық мектеп-интернаттардың; мемлекеттік арнаулы түзету білім беру ұйымдарының; девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мемлекеттік мектеп-интернаттардың жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. 7. 2-тармақта көрсетілген норматив, білім беру ұйымдары мектеп жасындағы оқушылар тұрақты тұратын елді мекендерден 3 километрден астам қашықтықта болған кезде белгіленеді. Елді мекендердің арасында табиғи кедергілер (өзендер, көлдер және т.б.) болған жағдайда мұндай білім ұйымдары бір-бірінен аз арақашықтық жағдайында да құрылуы мүмкін. ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 1065 қаулысымен қосымша алынып тасталды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысына қосымша Бiлiм беру ұйымдарының желісін кепiлдендiрiлген мемлекеттік нормативке жеткізудің кестесі Облыстардың, │Ашылатын білім беру ұйымдарының түрлері мен саны (бірлік) қалалардың ├─────────────────────────────┬─────────────────────────────- атауы │жалпы білім беретін мектептер│мектептің жанындағы интернат-р ├────┬────┬────┬────┬────┬────┼────┬────┬────┬────┬────┬───- │2000│2001│2002│2003│2004│2005│2000│2001│2002│2003│2004│2005 │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл ──────────────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────- Ақмола 0 0 8 7 8 6 0 0 7 7 7 5 Ақтөбе 3 2 1 2 1 6 0 0 0 0 0 0 Алматы 1 3 4 4 4 4 0 0 0 0 0 0 Атырау 4 2 6 2 2 2 0 0 0 0 0 0 Шығыс Қазақстан 0 3 2 2 2 2 0 0 0 0 0 0 Жамбыл 0 29 12 12 5 32 0 4 0 0 1 0 Батыс Қазақстан 0 3 3 1 1 0 0 2 2 2 0 0 Қарағанды 0 0 0 0 0 0 0 2 6 3 3 1 Қызылорда 0 2 0 2 0 0 0 7 8 0 0 0 Қостанай 3 3 3 6 3 3 0 1 1 1 2 2 Маңғыстау 0 1 2 1 3 2 0 0 0 0 0 0 Павлодар 0 1 0 2 1 1 0 0 1 0 0 0 Солтүстік Қазақстан 25 6 4 3 2 1 0 0 0 0 0 0 Оңтүстік Қазақстан 0 5 4 3 4 21 0 0 0 0 0 0 Астана қаласы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Алматы қаласы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Жиыны 36 60 49 47 36 80 0 16 25 13 13 8 ──────────────────────────────────────────────────────────────────────────── ──────────────┬───────────────────────────────────────────────────────────── Облыстардың, │Ашылатын білім беру ұйымдарының түрлері мен саны (бірлік) қалалардың ├─────────────────────────────┬─────────────────────────────- атауы │ жалпы үлгідегі мектеп- │ санаториялық мектеп- │ интернаттар │ интернаттар ├────┬────┬────┬────┬────┬────┼────┬────┬────┬────┬────┬────- │2000│2001│2002│2003│2004│2005│2000│2001│2002│2003│2004│2005 │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл ──────────────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────- Ақмола 0 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 Ақтөбе 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Алматы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Атырау 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Шығыс Қазақстан 1 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 Жамбыл 0 2 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Батыс Қазақстан 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 Қарағанды 0 0 1 2 2 0 0 0 0 0 0 1 Қызылорда 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 Қостанай 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Маңғыстау 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 Павлодар 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 1 Солтүстік Қазақстан 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Оңтүстік Қазақстан 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Астана қаласы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Алматы қаласы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Жиыны 1 3 1 2 3 0 0 1 1 1 1 2 ───────────────────────────────────────────────────────────────────────────── ──────────────┬───────────────────────────────────────────────────────────── Облыстардың, │Ашылатын білім беру ұйымдарының түрлері мен саны (бірлік) қалалардың ├─────────────────────────────┬─────────────────────────────- атауы │ арнаулы түзету білім беру │девианттық мінез-құлық бала. │ ұйымдары │ларға арналған арнаулы мектеп- │ │ интернаттар ├────┬────┬────┬────┬────┬────┼────┬────┬────┬────┬────┬────- │2000│2001│2002│2003│2004│2005│2000│2001│2002│2003│2004│2005 │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл │жыл ──────────────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────┴────- Ақмола 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 1 Ақтөбе 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 Алматы 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Атырау 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Шығыс Қазақстан 0 0 1 0 0 1 0 0 0 0 0 0 Жамбыл 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Батыс Қазақстан 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 Қарағанды 0 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 Қызылорда 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Қостанай 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Маңғыстау 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Павлодар 0 0 0 0 0 0 0 0 1 0 0 0 Солтүстік Қазақстан 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Оңтүстік Қазақстан 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 Астана қаласы 0 0 0 0 1 1 0 0 1 0 0 0 Алматы қаласы 0 0 0 1 0 0 0 0 0 0 0 0 Барлығы 0 0 2 1 2 2 1 0 3 0 0 1 ────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |