Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 5 қаңтардағы № 534 Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы кемiнде жарты жылда бір рет баяндап отыратын болсын.
3. Осы Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 5 қаңтардағы
№ 534 Жарлығымен
Бекітілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005
жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
Бағдарламаны "1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiк
әзiрлеу үшін негіздеме стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы