|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 15.11.02 ж. № 1216 (бұр. ред. қара); 22.11.02 ж. № 1239 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мыналар қайта ұйымдастырылсын: 1) Қазақстән Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып; 2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті болып; 3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып; 4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен. 3. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды 5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде осы қаулыны іске асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 07.10.02 ж. № 1096 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. і № 310 Қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат). 2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат). 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы № 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 207-құжат). 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі № 1222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 431-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 20, 215-құжат). 6. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтік техниканың есебін жүргізу, оны мемлекеттік тіркеу және техникалық жай-күйін тексеру мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 846 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 266-құжат). ҚР Үкіметінің 22.11.02 ж. № 1239 қаулысымен қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |