|
|
|
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінiң Қостанай заң Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн мамандар даярлауды одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң қарамағына берiлсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесi "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Қостанай заң институты" (бұдан әрi - Институт) мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын. 3. Институттың негiзгi мiндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн жоғары білімдi мамандар даярлау; қылмыстық-атқару жүйесiнiң басшы кадрлары мен қызметкерлерiн қайта даярлау және біліктілігін арттыру; ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау; қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Институттың барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауы үшiн қажетті жағдай жасауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз етсiн; 2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнетiн Институт тыңдаушыларын ұстауды Институтқа бөлiнген бюджеттік қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн; 3) Институт жарғысына тиiстi өзгерістер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 30 шілдедегі № 806 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бастапқы ред. қара) 2. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 04 "Білiм беру 36235342" деген функционалдық топта: 06 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білiм беру 17364317" деген кiшi функцияда: 201 "Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігi" деген әкiмшi бойынша "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын; 012 "Жоғары кәсiби білімдi мамандарды даярлау" деген бағдарламада "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі" деген әкімшімен және 015-бағдарламамен толықтырылсын: "221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгі 178008; 015 Жоғары кәсiби білiмдi мамандарды даярлау 178008". 3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына: 1) көрсетілген қаулыға 21-қосымшада: 1-тармақта: "1222488 (бір миллиард екi жүз жиырма екi миллион төрт жүз сексен сегiз мың теңге)" деген сөздер "1044480 (бір миллиард қырық төрт миллион төрт жүз сексен мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын; "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағанда: "2070" деген сандар "1770" деген сандармен ауыстырылсын; "3655" деген сандар "2912" деген сандармен ауыстырылсын; "2471" деген сандар "1751" деген сандармен ауыстырылсын; "Жауапты орындаушылар" деген 7-бағанда "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қостанай заң институты - күндiзгi бөлiмнен 164 бірлiк, сырттай бөлiмнен 20l бірлiк" деген сөздер алынып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы 183-1-қосымшамен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына 183-1-қосымша 221 - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі -------------------------------- Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2004 жылға арналған 015 "Жоғары кәсiби білімдi мамандарды даярлау" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның Паспорты 1. Құны: 178008 (бір жүз жетпiс сегiз миллион сегiз) мың теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттік есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терең гуманитарлық, заңгерлiк арнайы білiмі бар біліктi кадрлар даярлау жөнiндегі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн оның қызметін қамтамасыз eту; сотталғандарды түзеу және олардың тарапынан болатын қылмыстардың алдын алу жөнiндегі жұмысты жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі істер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметінің өзектi проблемаларына iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және алынған нәтижелерді қылмыстық-атқару жүйесі органдарының оқу процесі мен тәжiрибесіне енгізу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшін мамандар даярлау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оны ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау және басып шығару; оқу-тәрбие процесiне тұрақты және ауыспалы құрамды белсенді қатысуға ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдарын жоғары біліктi мамандармен жоспарлы бітірушілерден қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қостанай заң институты - күндiзгi 164 бірлiк, сырттай 201 бірлік". 4. ҚР Үкіметінің 2005.24.01. № 47 қаулысымен күші жойылды (бастапқы ред. қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |